2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері айтарлықтай өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдан бастап елімізде зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылардың қаншалықты артатынын ресми түрде хабарлады.

Ведомствоның түсіндіруінше, «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақылар, базалық және ынтымақты зейнетақылар инфляцияның болжамды деңгейіне сай 10 пайызға ұлғайтылады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, 2023 жылдан бастап бес жыл бойы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғарғы шегі 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен өсіріліп келеді.

2026 жылдан бастап базалық зейнетақы мөлшері

  • Ең төменгісі: 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%)

  • Ең жоғарғысы: 60 005 теңге (күнкөріс деңгейінің 118%)

Мысал ретінде, 2019 жылы зейнетке шыққан 70 жастағы азаматтың 2025 жылғы зейнетақысы 171 588 теңгеболса, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның зейнетақысы 192 816 теңгеге дейін өседі. Оның ішінде:

  • базалық зейнетақы — 60 005 теңге,

  • ынтымақты зейнетақы — 132 811 теңге.
    (Бұл сомаға БЖЗҚ төлемдері кірмейді.)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жәрдемақылар қалай өседі

Бала тууына байланысты төлем

  • 1, 2, 3 балаға: 149 416 → 164 350 теңге

  • 4 және одан көп балаға: 247 716 → 272 475 теңге

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы

  • 4 баласы бар отбасыларға: 63 030 → 69 330 теңге

  • 10 баласы бар отбасыларға: 157 280 → 173 000 теңге

Мүгедектігі бар азаматтарға

  • I топ: 101 702 → 111 872 теңге

  • II топ: 81 362 → 89 498 теңге

  • III топ: 55 474 → 61 021 теңге

Сонымен бірге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін асыраушысынан айырылу және еңбекке жарамдылықтан айырылу бойынша төлемдер де 10 пайызға ұлғаяды.

Бұл төлемдердің көлемі әр азаматтың соңғы екі жылдағы табысына, әлеуметтік аударымдарына, еңбек өтіліне, асырауындағы адамдар санына және еңбекке жарамдылық коэффициенттеріне байланысты жеке есептеледі.
Фото: ЖИ

Related posts

Ақынға тіл тигізген блогер тізерлеп кешірім сұрады

editor

АТЫРАУДА САДРАДДИННІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Назия Жоямергенқызы

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы БҰҰ Жаһандық шартына қосылды

Назия Жоямергенқызы