Қазақстан құрамасының 2025 жылғы үздік футболшылары белгілі болды

Sofascore атты статистикалық платформа 2025 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының ең үздік 10 футболшысынанықтады. Бұл тізімге алматылық «Қайрат» командасының көшбасшылары — Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбеков енбей қалғанын Sports.kz айтты.

Рейтингтің бірінші сатысында Қазақстан құрамасының капитаны әрі қорғаушысы Нұралы Әліп орналасқан. Қазіргі таңда Ресейдің «Зенит» клубында өнер көрсететін футболшы 7,35 ұпай жинаған.

Екінші орынға «Елімай» командасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек тұрақтаған. Ол биыл ұлттық құрама сапында 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Оның көрсеткіші — 7,21 ұпай.

Ал үздік үштікті 7,18 ұпаймен елордалық «Астананың» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен түйіндеді. Ол 2025 жылы құрамада 5 кездесу өткізген.

Аталған тізімде «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев небәрі 6,60 ұпаймен 11-сатыда тұр. Сонымен қатар маусым барысында Чемпиондар Лигасында жоғары көрсеткіш көрсеткен Темірлан Анарбеков бұл рейтингке мүлде кірмей қалған.


🏆 Қазақстан құрамасының 2025 жылғы толық рейтингі:

  1. Нұралы Әліп («Зенит») — 7,35

  2. Ғалымжан Кенжебек («Елімай») — 7,21

  3. Мұхаммеджан Сейсен («Астана») — 7,18

  4. Әлібек Қасым («Ақтөбе») — 7,14

  5. Максим Самородов («Ахмат») — 7,01

  6. Бағдат Қайыров («Ақтөбе») — 6,98

  7. Дінмұхаммед Қараман («Жеңіс») — 6,93

  8. Георгий Жуков («Ақтөбе») — 6,87

  9. Ян Вороговский («Астана») — 6,78

  10. Рамазан Оразов («Ақтөбе») — 6,70

  11. Дастан Сәтпаев («Қайрат») — 6,60

  12. Ислам Чесноков («Тобыл») — 6,56

  13. Дамир Қасаболат («Қайрат») — 6,27

Бұл рейтинг футболшылардың 2025 жылы ұлттық құрама сапында өткізген матчтары мен статистикалық көрсеткіштері негізінде жасалған.

Фото: ҚФФ-ның баспасөз қызметі

Related posts

Kapanmayan yara: Hocalı katliamı…

ttjk

«Халық-Life» АҚ-ы бірінші болып мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыруға лицензия алды

ttjk

В Семее прошел областной форум «Область Абай – территория без лудомании»