Қазақстан тұрғындары соңғы уақытта төлемді қолма-қол ақша арқылы жиі жүргізе бастады. Өткен жылы халықтың 25,6 пайызы осылай есеп айырысса, биыл бұл көрсеткіш 37,6 пайызға дейін ұлғайған.
Қазақстандықтардың басым бөлігі, әсіресе жас буын, қолма-қол ақшасыз төлем түрін қолдайды. FinGramotaақпараттық порталының дерегіне сүйенсек, 2025 жылы электронды төлемдерді пайдаланушылардың үлесі 39 пайызды құраған. Ал жастар арасында бұл көрсеткіш 40,2 пайызға жеткен.
Сонымен қатар, елде қолма-қолсыз төлемнің кеңеюімен бірге қолма-қол ақшаны таңдаушылардың саны да едәуір артқан. Егер 2024 жылы бұл көрсеткіш 25,6 пайыз болса, биыл 37,6 пайызға дейін көбейген.
Осылайша, 2025 жылы Қазақстанда төлемнің екі түрі арасында шамалас тепе-теңдік қалыптасқан. Барлық жас санаттарында қолма-қол және қолма-қолсыз төлемнің үлесі 37–39 пайыз аралығында.
Қазақстандықтардың қаржыға қатысты әдеттері
Сарапшылар қазақстандықтардың негізгі қаржылық әдеттерінің бірі ретінде ақша жинауға деген ынтасынерекше атап өтеді. Зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 36,4 пайызы барлық шығынын өтегеннен кейін жинақтауға қаржы қалатынын айтқан. Ал былтыр мұндай мүмкіндікке ие болғандар үлесі 31,5 пайызеді.
Азаматтардың басым бөлігі жинақ үшін банктік депозитті таңдаған — 21,6 пайыз. Бұдан бөлек, 12,4 пайызыбағалы қағаздарға қаржы салса, 11,6 пайызы активтерін криптовалютада, ал 11,8 пайызы жылжымайтын мүлікке инвестициялайды. Ал тек 0,5 пайыз респондент зейнетақы жинағын тиімді құрал ретінде көрген.
Бұған дейін қазақстандықтардың едәуір бөлігі ақшасын банкте емес, үйде сақтайтыны туралы мәлімет тараған болатын. Жалпы халықтың 38,6 пайызы үнемі ақша жинаумен айналысады: оның 19,1 пайызы белгілі бір тұрақты соманы, ал 19,5 пайызы жағдайына қарай түрлі көлемде жинақтайды.
Сонымен қатар, 19,8 пайыз азамат мүлдем ақша жинамайды. Сарапшылар мұны елдегі табыстар арасындағы алшақтықтың сақталуымен байланыстырады. Респонденттердің 34,4 пайызы табысы жетпей қалатын жағдайға жиі тап болатынын, ал 32,4 пайызы кейде ғана мұндай қиындықты бастан өткеретінін айтқан. Мұндай кезде олар көбіне достарынан (32,8 пайыз) немесе микроқаржы ұйымдарынан (27 пайыз) қарыз алады.
Мамандардың пікірінше, 2025 жылы Қазақстан халқының қаржылық сауаттылық деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда сәл де болса артқан: арнайы индекс бір жыл ішінде 41,2 пайыздан 41,5 пайызға дейін өскен.
