«Соңына өшпес із қалдырды»: Президент Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президенттің жеделхатында Асанәлі Әшімовтің театр мен кино өнерін дамытуға бар ғұмырын арнағаны атап өтіледі. Мемлекет басшысы оның ұлттық мәдениеттің өрісін кеңейтуге сіңірген еңбегі өлшеусіз екенін, сомдаған сан қырлы бейнелері арқылы халықтың зор құрметіне бөленгенін жазған.

«Сахна шебері әрі кәсіби киногер ретінде ол өнер тарихында өшпес із қалдырды. Жас буынға жол көрсетіп, рухани сабақтастықтың жалғасуына айрықша үлес қосты. Өнердің асқақ туын биік көтеріп, мағыналы да мәнді өмір сүрген Асанәлі Әшімовтің жарқын келбеті ел жадында мәңгі сақталады», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Фото:Акорда

Related posts

Семейде Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті

Абай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы басталды

Travel Expert | Top Things to Do & Places to Visit in Seattle

ttjk