АҚШ грин-карта бағдарламасын уақытша тоқтатты

Бүгін, 19 желтоқсанда АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм елде грин-карта беру бағдарламасының уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Бұл шешім Род-Айленд штатындағы Браун университеті аумағында болған атыс оқиғасынан кейін қабылданған.

Министр бұл ақпаратты Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялады. Оның айтуынша, университеттегі қарулы шабуылға күдікті тұлға АҚШ-қа 2017 жылы Diversity Lottery (DV1) иммиграциялық бағдарламасы арқылы келген.

«Браун университетінде оқ атқан Клаудио Мануэль Невес Валенте 2017 жылы DV1 бағдарламасы арқылы елге кіріп, грин-карта иеленген. Мұндай адамға АҚШ аумағына кіруге жол берілмеуі керек еді», – деді Ноэм.

Сондай-ақ ол 2017 жылы Нью-Йоркте тыйым салынған ДАИШ ұйымының мүшесі жасаған террористік шабуылдан кейін де аталған бағдарламаны тоқтатуға талпынғанын еске салды.

Министрдің сөзінше, Дональд Трамптің тапсырмасына сәйкес, USCIS – АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметіне DV1 бағдарламасын уақытша тоқтату жөнінде шұғыл нұсқау берілген. Бұл қадам өзге америкалық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған.

Айта кетейік, өткен аптада Род-Айленд штатындағы Браун университетінде атыс болып, салдарынан бірнеше адам қаза тауып, тағы бірқатары жарақат алған. Қайғылы оқиға студенттердің емтиханға дайындық сәтінде орын алғаны хабарланды.

Фото: ЖИ

Related posts

Шәкіртақы екі есе көбейеді

editor

Мемлекет басшысы туризмді дамыту жөнінде кеңес өткізді

ҚМА төрағасы Д. Малахов, «Атамекен» ҰКП басшысы Р.Баталов және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қ.Нұров өзара ынтымақтастық туралы келісті

ttjk