АЛМАТЫДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалада коммуналдық жәрмеңкелер құру жобасын қарастырған кеңес өткізді.

Қазіргі уақытта бірнеше сәулеттік және функционалдық шешім пысықталып жатыр. Әр ауданда жаңа жәрмеңкелерді орналастыруға арналған алдын ала орындар белгіленді. Сонымен қатар «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолданыстағы павильондары заманауи талаптарға сәйкес жаңғырту жоспары қатар қарастырылуда.

Бастаманың мақсаты – делдалдардан бас тартып, фермерлер үшін қолайлы жағдай жасау.

Жоба сарапшылармен және тиісті қызметтермен бірлесіп пысықталатын болады. Талдау нәтижелері бойынша жәрмеңкелердің оңтайлы форматы, оның ішінде инфрақұрылымы, орналастыру тәртібі және баға белгілеу тетіктері ұсынылады.

Әкімнің айтуынша, қаланың міндеті – ашық сауда жүйесін қалыптастыру, жергілікті өндірушілерді қолдау және сатып алушылар үшін қолайлы жағдай жасау.

Сурет: NinoSalvaggio.com

Related posts

İstanbul is Among “The 50 Best Places to Travel in 2024”

Назия Жоямергенқызы

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: апаттың себебі анықталған жоқ

editor

В области Абай реализуют 27 проектов по цифровизации

Назия Жоямергенқызы