АЛМАТЫДАҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР

 

Еліміздегі ең ірі мегаполис — Алматыда цифрландыруды дамыту, инновацияларды енгізу, инновациялық инфрақұрылымды құру, ғарыш саласын дамыту барысын, «Қазақстан киберқалқаны» жобасын, электрондық үкіметті, ІТ-технологияларды, елдің киберқауіпсіздігін күшейтуді, жасанды интеллект технологияларын қолдануды мен енгізуді жүйелі түрде жолға қойылған. Бұл — ақпараттық технологиялар жылдам дамитын қазіргі заманның басты талабы.
Алматы жолдарындағы жағдайды күнделікті бақылап отыратын «Жағдаяттық орталық», заң бұзғандар мен қылмыскерді жүзінен танитын бейнекамералар және қоқыстың толып кеткенін хабарлайтын роботтар бүгінде қала жұртшылығына таңсық емес.

“Жағдаяттық орталық” аталатын жерде
Алматыға қатысты маңызды деректерді жинап, қорытып отырады. Қалалық цифрландыру басқармасының ең маңызды әрі ауқымды жобасы – Жағдаяттық орталықта миллиондаған деректі автоматты түрде оқыту (Machine Learning) арқылы сараптайды.
Жағдаятты орталықтың басты міндеті — жол сапасын бақылау. Мұнда “Компьютерлік көру технологиясы” (“Computer Vision”) арқылы жолдардағы шұңқырлар мен ақаулар автоматты түрде анықталады. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әрі жол жөндеушілердің жұмысын жеңілдететін жүйе. Екіншісі, қала тұрғындарымен кері байланыс орнатылады. «Open Almaty» жүйесіне келіп түскен барлық өтініш арнайы жүйе арқылы сұрыпталады. Тұрғындармен жедел әрі тығыз қарым-қатынас орнатуға таптырмас көмек.
Үшіншісі, “Almaty Smart Bot”. Үлкен тілдік модельдерге (LLM) негізделген қалалық Telegram-бот әрбір тұрғынға тәулік бойы қызмет көрсетеді.
Төртіншісі, стратегиялық жоспарлау. Жасанды интеллект (ЖИ) деректерді кластерлеу арқылы жаңа мектептерді, ауруханалар, емханалар мен өрт сөндіру қоймаларын салатын ыңғайлы жерлерге қатысты нақты ұсыныстар береді.
Цифрландырудың осы жетістіктері Алиатының заманауи келбетін көріктендіре түсетіні айқын.
Нұрсая Жоямерген

 

Фото: egov.kz

Related posts

Мүдделер қақтығысы туралы қорытынды ұсынылмақ

editor

ТОРОСЛАРДА ТҮРІК ДҮНИЕСІНІҢ САМАЛЫ ЕСТІ

ttjk

Оңтүстік Корея заңсыз жұмыс істеп жүрген отандастарымызды қайтаруды талап етіп отыр

editor