Астана тұрғынына JOLTAP жобасы жаңа салада карьерасын бастауға көмектесті

Астанада кәсіби өсуге, сұранысқа ие салаларды меңгеруге және табысын арттыруға мүмкіндік беретін JOLTAP жобасы табысты жүзеге асып келеді. Бағдарлама түлектерінің бірі – Зәмзәгүл өз тәжірибесін ортаға салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

37 жастағы Замзагүл бірнеше жыл бойы жартылай фабрикаттар дайындайтын цехта жұмыс істеп келген. Алайда ол біраз уақыттан бері өзін жаңа салада сынап көргісі келіпті. Айтуынша, өмірінде үлкен өзгерістерді TikTok-тағы JOLTAP жобасының жарнамасы бастап берген.

«Жоба туралы толығырақ білгім келіп, өтінім қабылдау пунктіне бардым. Менеджерлер бәрін түсіндіріп берді. Содан кейін бірден екі курсқа – Kaspi-дегі сауда мен Таргетологқа жазылдым», – дейді Зәмзәгүл.

Оның айтуынша, оқу барысы барынша практикалық форматта өтті. Оқытушылар өз тәжірибесімен, нақты кейстерімен бөлісіп, кеңес беріп, мамандыққа алғашқы қадамдар жасауға қолдау көрсеткен.

«Маған оқытушылардың түсіндіру тәсілі қатты ұнады, барлығы қолжетімді, мысалдармен көрсетілді. Тіпті таргет бойынша оқып жүргенімде жарнама кампаниясын іске қосып көрдім, ал ұстазым маған бағыт-бағдар беріп, өзара байланыс жасап отырды», — дейді ол.

Бүгінде Зәмзәгүл негізгі жұмысын жалғастырып жүр, бірақ жаңа кәсібіне сенімді түрде қадам басып келеді.
«Қазір менің таргет бойынша алғашқы жобам бар. Енді тағы бірнеше клиент алып, олармен тұрақты жұмыс жасағым келеді. Болашақта толықтай онлайн-жұмысқа ауысуды жоспарлап отырмын», – деп бөлісті ол.
Зәмзәгүлдің айтуынша, жоба оған тек жаңа білім ғана емес, жаңа салада жұмыс істеуге деген сенім де сыйлаған. Ол JOLTAP бағдарламасын таныстары мен достарына да ұсынып жүр.

Бұл – JOLTAP жобасының елорда тұрғындарына жаңа дағдыларды меңгеруге, заманауи мамандықтарды игеруге және сенімді мансаптық өсімге жол ашуға көмектесетінінің ерекше мысалы.

Related posts

БІЛІМДІ БАЛАЛАР ОЛИМПИАДАҒА АТТАНДЫ

Назия Жоямергенқызы

Ораза қашан басталады?

ttjk

АСТАНАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ

Назия Жоямергенқызы