Бүгін, 4 желтоқсанда Алматы қаласының тұрғындары жер сілкінісін байқап, сезім алғанын хабарлады.
Қала тұрғындарының телефондарына сейсмикалық ескерту жөнелтілген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің ақпаратынша, Астана уақытымен 12:44-те жер асты дүмпуі тіркелген. Зілзаланың эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 277 шақырым қашықтықта орналасқан.
Хабарламада:
«Зілзаланың координаттары: 41.021 — солтүстік ендік, 78.387 — шығыс бойлық. Тереңдігі – 5 км. Энергетикалық класы – 14.0. Магнитуда MPV 6.7», – деп көрсетілген.
Жер асты дүмпулерінің MSK-64 шкаласы бойынша сезілу деңгейі төмендегідей:
-
Алматы қаласы – 3 балл.
-
Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 3 балл.
-
Кеген ауданы, Кеген ауылы – 3 балл.
-
Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы – 3 балл.
-
Талғар қаласы – 3 балл.
-
Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 3 балл.
-
Түрген ауылы – 3 балл.
-
Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 3 балл.
-
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы – 3 балл.
-
Маловодное ауылы – 3 балл.
-
Ж. Қайыпов ауылы – 3 балл.
-
Шелек ауылы – 3 балл.
-
Іле ауданы, Өтеген-Батыр ауылы – 2 балл.
-
Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы – 2 балл.
-
Іле ауданы, Боралдай ауылы – 2 балл.
-
Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы – 2 балл.
-
Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы – 2 балл.
-
Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл.
-
Қонаев қаласы – 2 балл.
-
Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл.
-
Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 2 балл.
-
Жамбыл облысы, Қордай ауылы – 2 балл.
-
Жетісу облысы, Текелі қаласы – 2 балл.
