Бесқарағай ауданының Қарабас ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Абай облысының Бесқарағай ауданында ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған тағы бір әлеуметтік жоба жүзеге асты. Қарабас ауылында заманауи талаптарға сай салынған дәрігерлік амбулатория ашылып, халыққа қызмет көрсетуді бастады.

Бұл нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы шеңберінде салынды. Бағдарлама аясында аудан бойынша 11 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді. Олардың ішінде 4 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт бар.

Жаңа амбулатория алғашқы медициналық-санитариялық көмекті қолжетімді әрі сапалы көрсетуге арналған толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Физиотерапия және процедуралық кабинеттер, медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс бөлмелері, сондай-ақ дәріханалық пункт іске қосылды.

Ғимарат заманауи медициналық техникамен жабдықталған. Мұнда нейбулайзер, электрокардиограф, дефибриллятор, екі арналы сенсорлы магнитотерапия аппараты, спирометр және жоғарғы тыныс алу жолдарын ультракүлгін сәулемен емдеуге арналған құрылғы орнатылған.

Айта кету керек, өткен аптада Өндіріс ауылында да жаңа фельдшерлік пункт іске қосылып, жергілікті халыққа қызмет көрсетуде.

Related posts

London Design Biennale 2025: Лондонда 40-тан астам ел қатысқан заманауи өнер мен дизайн көрмесі өтті

КАПАДОКИЯНЫ ТАРТЫМДЫ ЕТЕТІН 5 СЕБЕП

ttjk

Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

editor