Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ басшысы Дональд Трамп ұсынған Украинадағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жоспарға қолдау білдірді.
Мемлекет басшысы екіжақты кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен АҚШ-тың бірқатар күрделі мәселелер бойынша көзқарастары сәйкес келетінін кездесу барысында тағы бір мәрте дәлелденген.
Президент Тоқаев қазіргі геосаяси жағдайда Трамп әкімшілігінің Украина қақтығысын бейбіт жолмен реттеу жөніндегі ұсыныстарын құптайтынын айтты.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстанның Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт диалог орнатуға бағытталған талпынысын толық қолдайтынын жеткізді.
24KZ ақпаратынша, Украина жағы АҚШ әзірлеген «бейбіт жоспардың» жаңартылған нұсқасын ресми түрде алған. 28 тармақтан тұратын бұл құжатты Украина президенті Владимир Зеленскийге АҚШ-тың Жаяу әскер министрі Дэниел Дрисколл табыстаған.
Кездесуден кейін Украина басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында кез келген конструктивті диалогқа дайын екенін мәлімдеп, алдағы күндері жаңа құжатты АҚШ президенті Дональд Трамппен талқылайтынын хабарлаған.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левиттің мәліметінше, 28 тармақтан тұратын жоспардың әзірленуі шамамен бір ай бұрын басталған. Оны дайындауға АҚШ-тың арнайы өкілі Стиф Уиткофф пен сенатор Марко Рубио қатысқан.
Құжатта Ресей мен Украинаның мүдделері ескерілгені атап өтілген. Президент Трамп ұсынылған бейбіт бастаманы қолдап отыр.
Фото: Акорда
