Қызылорда өңірінде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

​2025 жылдың 20 қарашасында Қызылорда облысы ТЖД-не «Дабыл-1001», «Қарғын-2002» шартты белгісі қабылданып, ол туралы облыстың басқару органдарына жеткізілді.
​Сол күні сағат 15:00-де Арал ауданы әкімінің аппаратының ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлының, Арал ауданы әкімінің орынбасары Бохаев Нұрмұхамет Омарұлының және облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді.
​Жиынның барысында өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерінің «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындықтары сарапқа салынды. Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Сыдықов Айдос Мұратұлының жаттығуды өткізуге дайындығы туралы баяндамасы тыңдалды.
​Жиынды Қызылорда облысының ТЖ департаментінің бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы қорытындылады.

Қызылорда облысы ТЖД

 

Related posts

Түркияның 100 жылдығы: арнайы мерекелер басталды

Назия Жоямергенқызы

Афьонкарахисар: Мечеть Улу (Большая)

ttjk

Школьница из области Абай создала робот-увлажнитель воздуха