«STEAM TULPAR» – БІЛІМНІҢ ТҰЛПАРЫ

Ауылдың қарапайым қарадомалағын білімге қалай қызықтыруға болады? Әлбетте, көзбен көру, қолмен ұстау арқылы. Шеврон» компаниясы қолдау көрсеткен «STEAM Tulpar» жобасы балаларды білім мен білікке баулитын жылжымалы зертхана. Оның ерекшелігі сол, ғылымға қатысты барлық тың жаңалықты көлікке тиеп алып, ауыл-ауылды аралайды.

«STEAM Tulpar» зертханасының есігін бір рет ашқан бала ғылыми жауалықтарға құмар болады. Микроскоп арқылы қызыққан дүниесін зерттеп, химиялық элементтерді бір бірімен әрекеттестіріп, зымыранның құрылысына үңіліп, инженерияға икемделеді. Жылжымалы зертхананың сабақтары интерактивті түрде, шеберлік сабақтары ретінде өтеді. Дәріс беруші – тәжірибелімамандар мен мұғалімдер.

Алыс ауылдар мен шалғай аймақтардағы сыныптар дұрыс жабдықталмаған мектептерге барып, балаларға күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіре отырып, ғылымға қызықтырады. Оқушылардың сыни пайымын жетілдіріп, жаңалықтар ашуға жетелейтін «STEAM Tulpar» қателесуден қорықпауға, керісінше, сабақ алуға, топпен жұмыс істеуге үндейді.

«STEAM Tulpar» — бұл Қазақстанның əр түкпірлерінде STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер жəне математика) бойынша зертханалық тəжірибелер мен тəжірибелік сабақтар өткізуге арнайы жабдықталған көлік. Оның ішкі кеңістігінде интерактивті сабақтар өткізуге арналған арнайы жабдықтар орналастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, икемді сапар кестесінің арқасында «STEAM Tulpar» еліміздің əр жерінде орналасқан мектептер мен білім беру мекемелерінің əртүрлі қажеттіліктеріне бейімделе алады. АҚШ-тағы жылжымалы STEAM-зертханалардан шабыт алған отандық жас мамандар елімізде де осы тәжірибені жүзеге асыруды қолға алды.

MONROE COUNTRY COMMUNITY SCHOOL CORPORATION

Инновациялық мобильді STEAM-зертхана мектепке дейінгі жастан бастап 12-сыныпқа дейінгі балаларға ғылым, техника, инженерия, өнер жəне математика саласында білім алуға тең мүміндік береді. Зертхана MCCSC бастауыш мектептеріне жылына екі рет барып, робототехника жəне инженерия бойынша сабақтар өткізеді.

STEM IN GEAR

Таддеус Стивенс атындағы Технологиялық колледждің бағдарламасы 1–12 сынып оқушыларын өз мектептерінде STEM-іс-шараларға тартады. Бағдарлама сонымен қатар оқу жоспарларын əзірлеуге көмектеседі, мұғалімдердің біліктілігін арттырады жəне STEM-шараларды ұйымдастырады. Сондай-ақ, бағдарлама жергілікті кəсіпорындар мен мектеп округтері арасындағы байланыстарды нығайтады.

Related posts

Ж.МАХАМБЕТОВ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

Experience the holy month of Ramadan in the İstanbul style

ttjk

Halyk қосымшасы арқылы атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?