2025 жылдың 18-19 қарашасында Алматыда өтетін VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында «Түркі елдері арасындағы цифрлық көпір: PR-дағы жаңа технологиялар, платформалар және құралдар» тақырыбындағы отырыста PR-маман Мұхамед Бағдатұлы «Өзгеріс дәуіріндегі түркі әлемі: дағдарысқа қарсы коммуникациялар және беделді басқару» мәселесін айтады.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.
Медиа форумға қатысу тегін: https://forms.gle/YvuqknhfVYkRGNMu7
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).
