МЕДИА ФОРУМ: «МЕДИАБИЗНЕСТЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ИННОВАЦИЯЛАР: БОЛАШАҚТЫҢ МОДЕЛІ»

2025 жылдың 18-19 қарашасында Алматыда ұйымдастырылатын VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында «Медиа бизнестегі тұрақтылық пен инновациялар: болашақтың моделі» тақырыбында,ы отырыста спикерлер кіріс көзін диверсификациялау: жазылымдар, донаттар, жарнама, гранттар мәселесі, жекеменшік медиадағы краудфандинг, шағын және орташа даңгейдегі БАҚ-қа арналған инновациялық бизнес-модельдер, ресурсы шектеулі БАҚ-ты басқару: жұмыс процесін оңтайландыру және технологияларды тиімді пайдалану, медиа брендті дамыту т.б. талқыланады. Модератор — елімізге танымал журналист, медиа менеджер, «Alatau Aqparat» ЖШС директоры Ержан Төлек.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына қатысу — тегін.
Форум — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.
Медиа форумға қатысу тегін.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

Related posts

Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметінен кетті

editor

«МАНАС» ӘУЕЖАЙЫНДАҒЫ ҰШАҚ АПАТЫ

Назия Жоямергенқызы

Discover Antalya following the footsteps of Santa Claus

editor