АЛМАТЫДАҒЫ МЕДИА ФОРУМ: «ЕУРОПАДАҒЫ ТҮРІКШЕ ХАБАР ТАРАТАТЫН РАДИОАРНАЛАР ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ»

Түркі әлемі медиасының бірлігі үшін ортақ ақпараттық алаң қалыптастыру керек. Түркі мемлекеттеріндегі БАҚ өкілдері жедел ақпарат алмасу, ортақ репортаждар, деректі фильмдер түсіру, газет, сайт, телеарнамен бірге радиоарналардың да кәсіби бірлігіне мүдделі.
«Еуропадағы түрікше ақпарат тарататын радиоарналар және түркі әлемі» тақырыбына баяндама жасайтын Нидерландтағы Түрік журналистер ассоциациясының президенті Өзджан Өзбай түркі елдеріндегі радиоарналар бірлігі жайлы айтады.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.
Медиа форумға қатысу тегін.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

Related posts

Нобель сыйлығы лауреаттарының есімі Стокгольм мен Ослода жарияланады

editor

HALYK BANK: АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА — ТАБИҒИ ГАЗ

ttjk

Елордaдa «Бaрлық жетіcтіктердің бacтaуы – еңбек» aтты дөңгелек үcтел өтті

Назия Жоямергенқызы