Астаналық оқушы көру қабілеті төмен жандарға арналған “ақылды көзілдірік” ойлап тапты


Астана қаласындағы Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушысы Қуандық Әмірхан ерекше әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобасын таныстырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жас өнертапқыш көру қабілеті нашар немесе мүлде көрмейтін азаматтарға арналған “ақылды көзілдірік”құрастырған. Бұл құрылғының мақсаты – зағип және әлсіз көретін адамдардың күнделікті өмірін жеңілдету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Құрылғының басты ерекшелігі – егер адамның алдында бір метр қашықтықта кедергі пайда болса, көзілдірік қазақ тілінде “Сақтаныңыз, алдыңызда кедергі!” деген дыбыстық ескерту береді. Осылайша пайдаланушы өз бағытын дер кезінде түзетіп, соқтығысу қаупінен сақтана алады.

Қуандық Әмірханның айтуынша, ол бұл жобаны зағип жандардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету және олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау мақсатында ойлап тапқан.

“Менің мақсатым – ерекше адамдардың өмірін сәл де болса жеңілдету. Алдағы уақытта құрылғыны жетілдіріп, жаңа функциялар енгізуді жоспарлап отырмын”, – дейді жас өнертапқыш.

Қазір жобаға қызығушылық танытқан мамандар мен мектеп ұстаздары оның әрі қарай дамуына қолдау көрсетіп отыр.

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Related posts

Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады

editor

Witness the Fantastic Journey of Caretta carettas in Türkiye  

ttjk

СТАМБҰЛДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МУЗЕЙ

Назия Жоямергенқызы