Республика күні Қазақстанда 709 сәби дүниеге келді


27 қазан 2025 ж25 қазан – Республика күніне орай еліміздегі перзентханаларда 709 жаңа өмір дүниеге келді. Бұл туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство дерегінше, мереке күнінде республика бойынша 704 ана босанып, олардың отбасыларына 359 ұл және 350 қыз бала қосылған. Сонымен қатар сол күні бес егіз отбасы қуанышқа кенелген.

Министрлік өкілдері атап өткендей, мейрам күні де перзентханаларда тәулік бойы кезекшілік атқарған дәрігерлер, акушерлер және барлық медицина қызметкерлері жаңа туған сәбилердің аман-есен өмірге келуіне үлес қосты.

«Республика күні өмір есігін ашқан әрбір нәресте – еліміздің болашағы мен тәуелсіздігінің символы. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне алғыс білдіреміз», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Related posts

Астанада жағалаудан 20 жастағы қыз өлі табылды: марқұмның әкесі мәлімдеме жасады

Назия Жоямергенқызы

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫСТЫ ТҮРКИЯДА ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДАЛЫҢЫЗ

ttjk

ҚМА мен ҰҚК арнайы операция жүргізді: Қызылорда облысында 13 адам ұсталды

Назия Жоямергенқызы