Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік кептелісі: жағдай ретке келтірілді

Қазақстан мен Қытай шекарасында қалыптасқан ұзақ көлік кезегіне байланысты Көлік министрлігі ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, мәселе арнайы рұқсат бланкілерінің уақытша тапшылығынан туындаған.

Министрліктің ақпараты бойынша, жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қытай тарапымен өзара келісімжасалып, аптасына 6 мың дана халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат қағаздарымен алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.

“Соңғы сегіз апта бойы әр аптаның дүйсенбі күндері Қытай тарапы келісілген көлемде рұқсат бланкілерін ұсынуда. Бұл шара шекарадағы көлік ағымын жеңілдетуге және өткізу процесін тұрақтандыруға мүмкіндік берді,” — делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар, келесі рұқсат бланкілерін алмасу рәсімі ағымдағы жылдың 13 қазанында өткізіледі деп жоспарлануда.

Осылайша, екі ел арасындағы жүк тасымалы мен өткізу қабілетін арттыру бағытындағы шаралар жүйелі түрде жүргізіліп, шекарадағы жағдай біртіндеп қалыпқа келіп келеді.

Related posts

Анталия: 300 жүз шуақты күн сізбен бірге

Назия Жоямергенқызы

Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді

Назия Жоямергенқызы

Семейде чиптер мен электронды қондырғыларды өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды

Назия Жоямергенқызы