Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты шешу жолын айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесу барысында украиналық қақтығысты дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Telegram-арнасы арқылы хабарлады.

Мемлекет басшыларының кездесуі БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында өтті. Ресми мәліметке сәйкес, Украина Президенті Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға қатысты өз ұстанымын білдірді, ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қимылдарды тоқтату жолдарын іздеуде дипломатиялық жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Украина Президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында:
«Қазір басты міндет — сенімді қауіпсіздік кепілдіктерімен әділетті әрі ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу», — деп жазды. Оның айтуынша, келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық пен қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіруге деген қызығушылығы жеке тақырып ретінде қаралды.

22 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, депутат Айдос Сарым Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты шешуде делдал бола алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, егер келіссөздерге қажеттілік туындаса, Астана алаң ретінде дайын.

Сонымен қатар, Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасты үзіп жатқан жоқ. Президенттің айтуынша, ел Ресеймен жан-жақты ынтымақтастыққа дайын және санкцияларға қарсы. Алайда, Қазақстан Ресейге параллель импортқа қатысқысы келмейді.

Related posts

Аким области Абай представил план развития региона

Назия Жоямергенқызы

Президент тапсырмасы орындалмайтын болды

editor

Шеврон” Қазақстанда Тікелей инвестиция қорының веб-сайтын іске қосты

ttjk