Алдағы күндері Қазақстанның өңірлерінде найзағайлы жаңбыр жауып, үсік жүреді

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын тудырады. Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады.

Атап айтқанда, 26 қыркүйекте еліміздің батысы мен солтүстік-батысында, 27 қыркүйекте солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл соғуы ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта шығыс пен оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Сонымен қатар, температураның төмендеуі болжануда. Батыс өңірде ауа температурасы +2…+7 градусқа дейін түседі, кей жерлерде батыста және солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Солтүстік-батыста күндізгі температура +10…+18 градус аралығында болады.

Орталық Қазақстанда түнде ауа температурасы +5…+13 градус шамасында. Шығыста 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Оңтүстікте түнгі уақытта +5…+15, ал күндіз +25…+30 градус жылы. Оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы +22…+30 градусқа дейін жетеді.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы болатынын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланған.

Сурет ЖИ

Related posts

КРЕДИТСІЗ КҮН КӨРУ МҮМКІН БЕ?..

editor

«Travel + Leisure»: Стамбұл саяхатшылар үшін үздік қала

Назия Жоямергенқызы

МАРАШ БАЛМҰЗДАҒЫ мен ИРМИК ХЕЛВАСЫ

ttjk