Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді.
Қазақстан Президенті Эммануэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады.
Мемлекет басшысы Францияны Еуропалық Одақтағы Қазақстанның негізгі әрі сенімді серіктесі ретінде атап өтті.
Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау сияқты түрлі салаларда нақты нәтижелер беріп отырғанын ризашылықпен атап өтті.
Мәдени-гуманитарлық байланыстар да табысты дамып келеді.
Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер бойынша да пікір алмасып, ұстанымдарын сәйкестендірді.