Түркияда шетелдік туристердің банк шоттарынан қаржы жымқырған ірі алаяқтар тобы құрықталды. Anadolu агенттігінің хабарлауынша, алаяқтар тобына Эгей теңізінің жағалауындағы Кушадасы курортты қаласындағы қонақүй иесі жетекшілік еткен.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның мәлімдеуінше, күдіктілерге қарсы арнайы операция 31 мамыр күні Измир, Анталья, Ыстамбұл және Мұғла қалаларындағы 27 мекенжай бойынша жүргізілген. Тергеу аясында барлығы 20 адам тұтқындалған.
Жергілікті прокуратураның нұсқасы бойынша, топ жетекшісі туристердің банк карталарының деректерін көлік жалдау компанияларына, сондай-ақ басқа қонақүйлердің иелеріне беріп отырған. Министрлік өкілдері туристердің қаржы жымқыру деректерін өз елдеріне оралған соң бір-ақ білгенін мәлімдеді.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, алаяқтардың әрекетінен 268 адам зардап шеккен. Жәбірленушілердің банк карталарынан жалпы сомасы 1,15 миллиард түрік лирасы (шамамен 2,3 миллиард рубль) ұрланған.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында Ыстамбұлда туристердің ақшасын ұрлады деген күдікпен 30 адам ұсталған болатын. Олардың қатарында такси жүргізушілері мен басқа да қатысушылар болған. Олар «ақшаны жалған емес екенін тексеру керек» деген сылтаумен туристердің қаражатын алып, кейін қайтармай қойған.