«OYLA» ЖУРНАЛЫ ОҚЫРМАНМЕН ҚАУЫШТЫ

Оқушылар мен атааналарға арналған алғашқы ғылыми-көпшілік OYLA журналы қазақ тіліндегі нұсқасын қайта жандандыратын болады. Журналдыңмемлекеттік тілде шығуы Қазақ географиялық коғамы мен Chevron, ForteBank және «Тенгизшевройл» компаниялары қолдауының арқасында жүзеге асыпотыр. Сонымен қатар журналдың қайта шығуын интернет желісіндегі петицияға қол қойған әлеуметтік желілер пайдаланушылары қолдады.

            Еске салсақ, 2016 жылы жазылушылар саны тым аз болғандығынан OYLA редакциясы қазақ тіліндегі нұсқасының басылымын тоқтатуға мәжбүрболды. Енді қазақ тілдегі журнал ай сайын орыс тілдегі нұсқамен қатар шыға бастайды. Алғашқы тираж — 2500 дана, олар қазақстандық мектептер менбалалар үйлеріне таратылатын болады. Сонымен қатар әрбір азамат журналға жеке жазыла алады.

            «Біз ғылым мен технологияның тілін үйреніп, оны балаларға жеткізгіміз келеді. Өйткені өскелең ұрпақ оқу мен жасампаздықтан қорықпауы қажет. Бізқазақ мектептерде оқитын балалар үшін мемлекеттік тілдегі ақпарат пен дәріс алудың өте маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан да Қазақстанда шығатынбірден бір ғылыми-көпшілік журналға қолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Жақында OYLA журналын алатын мектепоқушыларының көңілдерінен шығады деген ойдамыз» — деді журналдың бас редакторы Гамзат Бияров.

            «Бұл жобаның іске асуының бастауында болғанымызбіз үшін аса қуанышты жайт. Қазақ Географиялық Қоғамы географиялық және өзге деқоғамдық, табиғаттану ғылымдарының дамуына үнемі қолдау көрсетіп отырады. Бұл — біздің ең басты міндеттеріміздің бірі. Біз әлемді танудың бірден-біржолы саяхаттау деп санаймыз. Ал балалар біздің болашағымыз, ендеше мұндай іс балалардың танымдық өрісін кеңейтері де сөзсіз. Сондықтан да біз үшінбалаларымыздың арманқиялының тұсалмауы, жан-жақты толысып, жаңа нәрселерге ұмтылуы аса маңызды. OYLA журналынан қызықты саяхаттар, қатерлітау шыңдарын бағындыру, тартымды зерттеулер туралы оқып, ҚазГео-мен бірге әлемді танудағы көңіл көкжиегін кеңейтіңіз!» — деді Нұрлан Әбдуов, «ҚазақГеографиялық Қоғамы» ҚБ Қамқорлық Кеңесінің төрағасы.

«OYLA» журналының редакциясындағы әріптестер: «OYLA» — Қазақстандағы алғашқы ғылымикөпшілік  журнал, орта және жоғарғы сынып оқушылары мен білімге құштар ересектерге арналған. OYLA журналыжаратылыстану ғылымдарыматематика, физика, химия, биология, астрофизика бағытындағы мақалалардан, гуманитарлық ғылымдартарих,риторика, тіл ғылымдары бағытындағы және жалпы танымдық мақалалалардан, қызықты оқиғалар, теоремалар мен есептерді анықтау,өнертабыстар, ғалымдардың ашылулары туралы мәліметтен тұрады. Біз балаларға күрделі заттарды жеңіл тілмен түсіндіреміз» — дейді.

www.OYLA.xyz

info@oyla.xyz

+7 (727) 222 13 20

Related posts

ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

ttjk

MODEKO-2017 ИЗМИРДЕ БОЛАДЫ

Назия Жоямергенқызы

БАЛЫКЕСИРМЕН БАУЫРЛАСТЫҚ БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

Назия Жоямергенқызы