Қазақстан мен Вьетнам: Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Бұл сапар Хо Ши Миннің Қазақстанға ресми сапарының 65 жылдығы және 2027 жылы атап өтілетін дипломатиялық қатынастардың 35 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Сапар барысында Бас хатшы То Лам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастардың барлық салаларын қамтитын стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Тараптар саяси диалогты нығайту, қорғаныс пен қауіпсіздік, экономика, сауда, инвестиция, мәдениет, білім және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар аясында өзара қолдау көрсету мен бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы ортақ ұстанымдар айқындалды.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы стратегиялық серіктестік екі халықтың ортақ мүдделеріне сай келеді және өңірлік тұрақтылық пен даму үшін маңызды қадам болып саналады.

 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы,
Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Фарангиз Саматқызы

Related posts

Елордада көктемгі ауқымды экологиялық айлық өтеді

ttjk

Екі ел арасында сенімді әрі жүйелі ынтымақтастық орнаған

editor

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған

editor