Президент Тоқаев әскери парадты То Ламмен бірге тамашалады

 

7 мамыр күні Астана қаласында ерекше оқиға орын алды. Отан қорғаушы күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай әскери парад ұйымдастырылды. Бұл шара биылғы жылы ерекше өтті – парадқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам арнайы қонақ ретінде қатысты.

Парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің және басқа да әскери құрылымдардың 4 мыңнан астам әскери қызметкері қатысты.Сондай-ақ, 200-ден аса әскери техника мен қару-жарақ, 66 әскери ұшақ пен тікұшақ көрсетілді. Әуе шеруі көпшіліктің назарын аударды.

Мерекелік шарада соғыс және тыл ардагерлері, халықаралық ұйым өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен әскери-патриоттық клубтардың жас сарбаздары да болды.

Ел Президенті өз сөзінде: «Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлемге үлкен сабақ болғанын» – атап өтті.

 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығы ның 1-курс студенті Ақерке Тұрғанбек

Related posts

Аудан прокуроры қызметінен алынды

editor

Halyk Bank — Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінің үздігі

ttjk

«Шеврон» компаниясы Astana Finance Days барысында Тікелей инвестициялар қорын таныстырды

ttjk