Жеңістің 80 жылдығына орай 109 соғыс ардагеріне жалпы сомасы 545 миллион теңге біржолғы төлем берілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл соңына дейін ардагерлерге қосымша бірнеше әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі.
Атап айтқанда, коммуналдық қызметтерге 193 мың ардагерге 2,5 млрд теңге, үй жөндеуге 61 адамға 21 млн теңге, отын алуға 342 адамға 14,5 млн теңге бөлінеді. Сонымен қатар, тіс емдеуге 3,5 мың ардагерге 441 млн теңге, дәрі-дәрмекке 3 мыңға жуық адамға 48 млн теңге қарастырылған.
Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағанбетовтың айтуынша, биыл тыл еңбеккерлері мен басқа да санаттағы ардагерлерге 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін біржолғы төлем жасалған.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы,
Компьютерлік технологиялар кафедрасы,
Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Аскапова Сезім