72-халықаралық “Әлем Аруы” байқауына Қазақстанның атынан “Қазақстан аруы – 2023” атағының жеңімпазы, балет әртісі және модель- Сабина Ыдырысова қатысады.
“Әлем Аруы – 2025” фестивалі Үндістанның Телангана штатында 7 мамыр мен 31 мамыр аралығында өтеді. Ашылу рәсімі 11 мамырда, ал шешуші финал 31 мамырда өтеді. Сабина 110-нан астам аруы бақ сынайтын Beauty with a Purpose байқауында авторлық жұмысын ұсынады.
Сабина Ыдырысова бала кезінен балетпен шұғылданып, Александр Селезнев атындағы би өнері мектебін аяқтаған. Бірнеше жыл бойы “Астана Балет” театрының сахнасында өнер көрсеткен.
23 жастағы Сабина актрисалық бастамаларымен қатар, модель ретінде жұмыс істейді және ерекше балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдауға бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асырып жүр.
Қазіргі таңда “Әлем Аруы” байқауына арнап Beauty with a Purpose бастамасы шеңберінде, балаларға қолжетімді білім беру мүмкіндіктерін жасау және олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында арнайы бағдарлама әзірлеуде.
“Әлем Аруы” байқауының ұйымдастырушылары да Сабинаның бастамасының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
Компьютерлік технологиялар кафедрасы
Медиажурналистика мамандығының
1-ші курс студенті
Бекарыс Сұлтанғазин