-
Абай облысында 2024 жылы жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша 22 жоба сәтті аяқталды. Бекітілген жоспарға сәйкес 26,1 шақырым жылу желілері мен 17 жылу көзінде жұмыстар жүргізілді. Семей қаласында 14,7 шақырым жылу желісі қайта жаңартылды. 4,8 шақырым жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 10 жылу көзі жаңғыртылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі облыс бойынша 64,2%-дан 59,4%-ға дейін, ал Семей қаласы бойынша 66%-дан 61,5%-ға дейін төмендеді.
Биыл 6 жоба іске асырылуда, оның ішінде өткен жылдан ауыспалы жобалар да бар. Семей қаласында 11 шақырымнан астам жылу желілерін салу және қайта жаңғырту жоспарлануда. Жыл қорытындысы бойынша облыс көлемінде тозу деңгейі 56,6% — ға дейін және қала бойынша 58,1% — ға дейін төмендейді деп күтілуде.
2023 жылдан бастап жылумен жабдықтау желілерін салу мен қайта жаңғыртуға бағытталған 42 жаңа жоба әзірленуде. Олардың 13-і мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Екі жоба іске асырылуда, ал қалған жобалар бойынша — қаржыландыру алу үшін құжаттар дайындалуда.
Семей қаласындағы жылу желілерін кешенді жаңғырту жұмыстары тек жылумен қамту жүйесінің сенімділігін арттырып қана қоймай, сондай-ақ, қаланың инфрақұрылымын тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.