Есей Жеңісұлының жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін 26 ақпанда сағат 14:00де  Алматы қаласындағы А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада белгілі журналист, «Ақ-желкен»журналының Бас редакторы, спорт комментаторы Есей Жеңісұлының «Көкжиектің арғы жағы – әлем» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара қаламгерлер мен оқырмандарды бір ортаға жинап, ерекше рухани кездесуге айналды.

Кітаптың атауының өзі ауқымды тақырыпты меңзейді. Бұл еңбегінде автор өміріндегі өзгерістерді, қоғамдағы өзекті мәселелерді жазған. Араға жеті жыл салып, жаңа кітабын оқырманға ұсынған жазушы бұл туындысының шығармашылық жолындағы маңызды белес екенін атап өтті.

Іс-шара барысында қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, автордың шығармашылығына қатысты ойларын білдірді. Кейбірі өлең оқып, Есей Жеңісұлына арнауларын жеткізді. 

Кездесу соңында Есей Жеңісұлы өзі сөз сөйлеп: «Кітап оқыңыздар, қазіргі жастар кітап оқыса екен деймін. Кітап оқып, елге қызмет ету – ұрпақтың міндеті» – деп, оқырмандарды білімге, ізденуге шақырды.

          Зере Сейсенқызы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика факультетінің 2-курс студенті.

 

Related posts

Алматы әлемдегі лас қалалардың бестігіне енді

editor

Стамбульские археологические музеи: где история оживает

Назия Жоямергенқызы

Астаналықтар мен еріктілер матчтан кейін стадионның қоқысын жинады

Назия Жоямергенқызы