ӘСКЕРДЕГІ ӘЛІМЖЕТТІК: ҚОРҒАУ МЕН ҚОРЛАУ

Әскери күштер кез-келген мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, елдің қорғаны. Әскерде дайындықтар физикалық және техникалық әдістерді үйретіп қана қоймай, қатаң тәртіпті, ортақ бірлік пен адамгершілікті, отансүйгіштілікті бойға сіңіруді үйрететін орта. Бірақ соңғы жылдары еліміздің әскери орталарында болып жатқан әлімжеттіктер бұл ұғымдарға қарсы шығып жатқандай. Бұл мәселе қоғамдық мәселелердің қатарына еніп отыр.

Әлімжеттік көрсетудің бірнеше себептері бар. Бұл істердің артында психологиялық ауытқулармен әлімжеттік көрсетушінің бұрынғы жағдайы тікелей қатысты. Әлеуметтік моральдық факторлар, әскери қызметтегі бақылаудың жеткіліксіздігі, тұлғалық мәселелер, әскердегі ішкі мәдениет пен ескі дәстүрлер т.б.

Әлеуметтік мәдени факторлар- қоғамдағы болып жатқан қатігездіктер, агрессия. Осы сияқты бірнеше факторлар өздерінен төмендерге әлімжеттік көрсетуге итермелейді. Бұл әскердегі әлімжеттіктің басты себептеріне жатады.

Әскери қызметтегі бақылаудың жеткіліксіздігі- бөлімшелерде офицерлер мен сарбаздар арасындағы қарым-қатынас дұрыс қадағаланбайды. Осындай бейжайлық әлімжеттіктің туындауына әсер етеді.

Тұлғалық мәселелер- әскерге бұрынғы өмір жағдайы әртүрлі болған жастар келетін болғандықтан, олардың өміріде әртүрлі болды. Кей сарбаздар балалық шағында психологиялық қысым көрген адамдар. Өз-өздерін көрсету үшін немесе биліктерін арттыру үшін бірнеше амалдарға баруға дайын болады.

Әскердегі ішкі мәдениет пен  ескі дәстүрлер-еліміздің көптеген бөлімшелерінде “старшина” деген ұғым әлі күнге дейін сақталып келеді. Бұл ұғым өзінен кішілерге қысым көрсетуге апартын себептер.

Әскери әлімжеттік тақырыбында психолог-практик Ермек Нұрымов:

“Әскерге физикалық және психикалық жағынан төзімді, ментальды денсаулығы мықты адамдар таңдалады, сондықтан қарулы күштерде өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары кезікпеуі тиіс. Әрине, әскери тәртіп өте қатал болғандықтан, мұндай дисциплина адамды қажытып жіберуі мүмкін. Сондай қатал тәртіп пен қысымның салдарынан өз әрекетіне жауап бере алмай қалады”, – деп пікір білдірді.

Әскердегі әлімжеттіктің салдары өте ауыр. Оның мынадай басты түрлері бар: психологиялық зардап, физикалық зиян, өз өзіне қол жұмсау. Психологиялық зардап-әлімжеттік көрген сарбаздар ұзақ уақыт бойы депрессиядан шыға алмай,қиналады. Әлімжеттілік кез-келген адамның психологиялық денсаулығына кері әсер етері сөзсіз.

Әлімжеттікті жою үшін қатаң тәртіп орнатып, қатаң бақылау орнату керек. Бұл жолда жағдайды жақсарту мақсатында психологтармен  жұмыстар қажет етіледі. Анонимды шағым жүйесін құрастырып, сарбаздардың ішкі наразылықтарын білу қажет. Сонымен қатар жастарға әскерге дейінгі тәрбие жұмыстарын жүргізу керек. Осындай шаралар әскердегі қолайсыздықтар мен әлімжеттікті жоюға көмектеседі.

Осы әскери әлімжеттіктің кесірінен немесе тағыда басқа осы секілді себептермен елімізде бірнеше қайғылы оқиғалар орын алып отыр. Солардың бірі 2024 жылдың көктемінде көз жұмған 23 жасар Досымжан Сәлімжанның ісі. 2023 жылдың қазан айында Атырау облысы, Құлсары қаласында әскерге шақырылған Досымжан Сәлімжанның ісінде Жетісу облысы, Сарыөзек ауылында №29108 бөлімшедегі лейтенанттан физикалық қорлық көрді делінген. Бірақ лейтенант Досымжанның өліміне өзінің қатысы жоқ екенін айтты. Досымжанның жақындары сарбазды өлтірген лейтенант екені толық сенімді. Өйткені Досымжан өлер алдын жақындарына лейтенант Шәкіровтен соққылар алып жұргенін айтқан. Бұл лейтенанттың тарапынан бір емес, бірнеше рет орын алған. Лейтенант Досымжанды бүйрегі ауырған себепті өмірден өтті дейді. Бірақ Досымжанның бүйрегінің ауыруына лейтенант Шәкіров тікелей қатысты. Өйткені саптың артында қалып, жүргіре алмаған Досымжанды бүйрегінен екі мәрте қатты соққы жасаған. Шәкіров Досымжанға берген тапсырмаларын орындай алмай қалғаны үшін тағы да екі мәрте, наурызда үш мәрте соққыға жыққан. Тағы айыптау актісінде Шәкіров Досымжанды арқасынан және басынан ұрғаны анықталған. Досымжанның анасының айтуынша ұлы өлер алдын “барлығын кешіре аламын, бірақ Шакировты емес, ол мені 5 минут ұрды”-деген. Лейтенант өзінің билігін асыра сілтеп қолданған және түрлі қысымдар көрсеткен.

Осы секілді елімізде бірнеше оқиғалар тіркелген. Бұл әскердің ішкі тәртібі,-деп атайтындар да жоқ емес. Бірақ елімізді сеніп тапсыратын сарбаздардың мұндай жағдайға төзіп шығуы оң іс емес.

Осындай қайғылы оқиғаның тағы біреуі Ақтаудағы Ұлттық ұланның  3502 әскери бөлімінін басқарған аға сержант Абылай Мерғалиев 30 шілдеде Ақтау маңындағы Басқұдық ауылындағы үйінің дәретханасында асылып тұрған күйі табылған. Абылайды 1 тамызда жақындары Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданына апарып жер қойнына тапсырды. Мерғалиевтің туыстары, ол дәретханаға барамын деп шығып кеткен және  ұзақ уақыт бойы  оралмаған. Ұзақ уақыт оралмағаннан соң дәретхананың есігін қаққанда ашпаған, балтамен бұзып кіргенде асылып тұрғанын көрген.Марқұмның артында әйелі мен кішкентай қызы қалған еді. Әйелі Сәуле «ренжуді білмейтін адам еді» деп күйеуінің өзіне қол салуына не себеп болғанын түсінбегенін айтты. Бұл іс әлі де қарастырылуда.

Осындай оқиғалар елімізде көптеп орын алып жатыр. Бұл мәселенің алдын алмасақ бұл еліміздің әскери бөлімі туралы түсінікті тіптен теріс қылып жіберуі мүмкін

Осы тұрғыда Қорғаныс министрлігі:

«Бүгінгі күні жауынгерлік дайындықтың қарқындылығына байланысты қатер де артты. Қандай да бір жаттығу, қару-жарақ неке құрамның қаза болу саны (тек қарулы күштер үшін статистика, басқа күштік ведомстволардағы әскери қызметшілердің қаза болуын есепке алмағанда) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға төмендеді. Егер соңғы үш жылдағы қайтарымсыз шығындар статистикасын алсақ, онда 19 пайызға, оның ішінде қауіпсіздік шараларын бұзу нәтижесінде 43 пайыз, жол-көлік оқиғасы 27 пайыз және науқастануы бойынша 24 пайыз төмендеудің жалпы серпіні байқалады. Командирлер, тәрбиешілер, психологтар жүргізіп жатқан жұмыстарға қарамастан, өз проблемаларын жасыра отырып, мерзімді қызметтің әскери қызметшілері асығыс әрекеттер жасайды. Алайда қаза болғандардың 90 пайыздан астамы әскери қызмет өткерумен байланысты емес екенін айтамыз»,- деген жауап қалдырды Қорғаныс министрлігінің орынбасары Дархан Ахмадиев жауабында.

Қазақстандық Бас Әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиевтің берген мәліметі бойынша:

Қазақстанда соңғы үш жылдан бері 270 әскери қызметші қайтыс болған. Олардың  36 пайызы аурулардан болса, 24 пайызы жол-көлік оқиғаларынан, ал қалған 20 пайызы өз-өзіне қол жұмсаған және 20 пайызы басқада себептермен қаза тапқан.

Мұндай деректер жылдан-жылға белгілі бір мөлшерде өсуде. Бұл дегеніміз әскери ішкі тәртіп әлі де дұрыс қадағаланбай жатыр деген сөз.

Қорытындылай келе, әскери әлімжеттілік бұл- тек әскерилердің ішкі мәселесі ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесі. Қоғамдағы зорлық-зомбылық қарастырылмайынша, толыққанды дұрыс қоғам деп айтуға келмейді. Бұл мәселені шешу тек мемлекетке қатысты нәрсе емес, қоғамның әрбір адамына қатысты. Әскер бұл-мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сарбаздарды даярлайтын орта. Сондай ортада адамгершілікпен әділеттілікті алдыға тарту, басты қағида болуы тиіс. Нық әскер-қауіпсіз елдің ертеңі.

Жүніс Төренияз, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика факультетінің 2-курс студенті.

Сурет: “Ақмешіт жастары”.

 

Related posts

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ БІЛІМ

ttjk

ҚОРҚЫТ БАБА ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

ttjk

Türkiye’s rich cheese culture captivates visitors