Балалар хирургиясының «атасы» өмірден озды

Республикадағы балалар хирургиясының негізін қалаған ғалым, медицина ғылымдарының докторы Камал Ормантаев дүние салды.

«Бүгін түнде ардақты әкем, Қазақстанда балалар хирургиясының негізін қалаған академик Камал Ормантаев өмірден озды», -деп жазды ғалымның ұлы Жарас Ормантаев.

Белгілі хирург 1936 жылы 11 қыркүйекте туған. Ол балалар хирургиясы мен педиатрия саласына өлмейтін, өлшемі зор мұрасын қалдырған адам. Бүкіл ғұмырын осы салаға арнаған ол балалардың бассүйегі мен миы зақымданғанда қолданылатын емдеу әдістерін жетілдіріп, оның патогенезін анықтауда кешенді зерттеулер жүргізді. Баланың бассүйегі мен миына  жасалатын операцияның бес жаңа әдісін тәжірибеге енгізген. Өңеші күйген балаларды емдеудің алты жаңа әдісін ойлап тапқан. Балаларда іріңді перитонит пен жедел гематогенді остеомиелит болған жағдайда іріңді іш қуысынан түтік арқылы шығарудың бірнеше тәсілін ұсынған ғалым. Сондай-ақ ол Қазақстанда педиаторлардың, балалар хирургтарының, анестезиолог-реаниматологтарының, ортопед-травматологтарының ғылыми мектебінің негізін қалап кетті.

Related posts

ОРДУДАҒЫ БОЛАМАН ҚАМАЛЫ

Назия Жоямергенқызы

Travel Tips And Information For Visiting Moraine Lake | US Travel

ttjk

Антониу Гутерриш өзінің сапарын БҰҰ-ның Қазақстанға және оның ШЫҰ төрағалығына көрсеткен қолдауы мен тілеулестігінің көрінісі ретінде қарастыратынын мәлімдеді

Назия Жоямергенқызы