Бітімгерлерге өтемақы мүгедектігіне байланысты белгіленеді

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Қазақстан бітімгерлеріне төленетін өтемақы туралы айтты.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар аясында және Голан биігіндегі жағдайға байланысты Қазақстан бітімгерлерінің қауіпсіздігі жөнінде сұрақ қойды. Сондай-ақ депутаттар еліміздің әскерилері жараланған жағдайда өтемақы беру мүмкіндігі туралы сұрады.

Қорғаныс министрлігінің өкілі Шайх-Хасан Жазықбаев былтыр жыл аяғында болған шиеленіс кезінде Қазақстанның бітімгерлік ротасы қақтығысты тоқтатуға қатысты іс-шараларға жұмылдырылмағанын айтты. «Меморандум аясында тек бітімгерлік миссия бойынша азаматтық персоналды Дамаск қаласына эвакуциямен айналысты. Сондай-ақ басқа елдердің бітімгерлерін базаға көшіруге қатысты. Өтемақыға тоқталсақ, еліміздің заңдарымен бекітілген талаппен әрбір топ мүгедектігіне 6-дан 30 айлық төлемақыға дейін белгіленген. Қаза тапқан жағдайда 60 айлық мөлшерде төленеді. Ал БҰҰ жағынан 77 мың АҚШ долларына дейін төлемақы бекітілген», — деді ол.

Related posts

Музей Эфеса в Турции признан лучшим на премии «Mondo-Dr Awards»

Назия Жоямергенқызы

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе рейстерінің саны арттырылмақ

Назия Жоямергенқызы

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

ttjk