Күштік құрылымдардың арнайы бөліністері ел абыройын қорғап жатыр

Еліміздің күштік құрылымдарының арнайы бөліністері Дубайда өтіп жатқан «Тhe UAE SWAT Challenge 2025» VI халықаралық жарыстарына қатысып жатыр.

Жарыс бесінші ақпанға дейін жалғасады.Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам команда бақ сынап жатыр. Қатысушылар тактикалық жаттығуларды орындап, кедергілерді жеңіп, шабуылдау, жолдастарын құтқару және мұнараларға көтерілу сияқты бірқатар қиын тапсырмаларды еңсеруге тиіс.

Халықаралық аренада еліміздің намысын Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Мемлекеттік күзет қызметінің командалары қорғап жатыр. Полиция ведомствосынан жарысқа «Сұңқар», «Арлан», «Бүркіт» және Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командалары қатысып, еліміздің абыройын асқақтатуға барын салып келеді. Қазақстан үшін ЖҚАЖ-дан «Томирис» әйелдер командасының дебюті ерекше маңызға ие. Бұл қазақстандық тәртіп сақшыларының жоғары дайындығын көрсетеді.

Екі күннің қорытындысында Қытайдан келген жауынгерлер көш бастап тұр. Ал екінші орында ІІМ-нің «Сұңқар» командасы, ал үшінші орында МКҚ-ның «Сардар» командасы келді.

Related posts

ОЛИВКОВОЕ МАСЛО В ТУРЕЦКОЙ КУХНИ

ttjk

Президент республикалық референдумда дауыс берді

editor

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуға шешім қабылдады

editor