Кішкенбаев 17 жастағы курьерге тиіскені туралы ақпарат тарап жатыр

Алматыда 17 жастағы курьерге жасы үлкен ер адам тиіскен. Оны естіген жәбірленуші баланың әкесі полицияға арыз жазған. Бұл туралы бүгін әлеуметтік желідегі парақшаларда ақпарат тарап жатыр.

«2007 жылы туған бозбаланың сөзінше, кешкі сағат 21.00 кезінде оған Алматы тұрғынынан 3 бөтелке сыраға тапсырыс түскен. Жігіт сыраны сатып алып, 40 жастағы ер адамның пәтеріне әкеп береді. Ер адам оған бірге ішуге ұсыныс жасап, оның мүшесінен ұстап алғысы келген. Курьер дереу ол жерден кетіп, болған жағдайды әкесіне айтып береді. Полиция пәтерге барып, ер адамды ұстап алып кеткен. Оның аты – Алмас Кішкенбаев», деп жазды Kozachkov телеграм каналында.

Полиция бұл туралы К. есімді адамның ұсталғанын растады. «Әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізіледі. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілді»,  деген полицияның баспасөз қызметінен.

Related posts

Мемлекет басшысы Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады

editor

Израиль, Қырғызстан және тағы төрт елдің жаңа елшілері Тоқаевқа сенім хаттарын табыстады

Назия Жоямергенқызы

Journalism education issues discussed at TDM

ttjk