Бауырлас халыққа мазут сертификаты табыс етілді

Қазақстанның Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Нурмахмад Ахмадзодаға 5 мың тонна мазут сертификатын табыстады.

Елші екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың көрінісі ретінде Қазақстанның бауырлас Тәжікстан Республикасына 871,9 млн теңге (шамамен $1,67 млн) көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Сондай-ақ 144,5 млн теңгеге ($276 мың) азық-түлік өнімдері (67 тонна өсімдік майы, 50 мың дана сүт консервілері және 325,6 тонна қарақұмық жармасы) табыс етті. Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ықпалдасуымен көрсетілді және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі мен қазақ-тәжік ынтымақтастығына тән тату көршілік пен өзара тиімділіктің көрінісі. Мәслен, соңғы 5 жылда Қазақстанның Тәжікстанға жеткізген гуманитарлық көмегінің көлемі шамамен 20 млн долларды құрап отыр.

Related posts

СЫР ЕЛІНДЕ ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІ МҰСТАФА ШОҚАЙҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Назия Жоямергенқызы

Көші-қонда қозғалыс көп

editor

PEGAS TURISTIC ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗБА ЖҰМЫСЫНА ДЕМЕУШІ БОЛДЫ

Назия Жоямергенқызы