Қырғыз Республикасының депутаттары құдалық өткізуге заңмен тыйым салмақ

Қырғыз Республикасы Жоғарғы кеңесінің екі депутаты «Қырғыз Республикасындағы салт-дәстүр мен той өткізу кезінде ысырапшылдықты шектеу туралы» заң жобасын дайындап, оны қоғам талқысына шығарды.

Заң жобасының авторлары — депутат Замирбек Мамасадықов пен Шайырбек Ташиев. Олар қырғыз елінде үйлену тойын өткізу үшін бір ірі қара немесе бір жылқы сойып, 250 адам шақыру, ал, қыз ұзату кезінде бір ірі қара немесе бір жылқы сойып, 100 адамнан аспайтын ғана қонақ шақыру туралы шектеу ұсынған. «Егер қыз ұзату мен үйлену тойы бірге өтсе, онда бір ірі қара немесе бір жылқы сойып, 350 адам ғана шақыру керек. Бір-біріне қоржын салып, құдаларға шай беруге мүлдем тыйым салу», деп жазылған құжатта. Қазір заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған.

Related posts

Әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкеп соққан жол апатын тергеу аяқталды

Назия Жоямергенқызы

Бітімгерлерге өтемақы мүгедектігіне байланысты белгіленеді

editor

Президент Степногорск қаласындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды

ttjk