Александр Лукашенко халықтың 86,82 пайыз даусын жинады

 Александр Лукашенко Беларусьтегі президенттік сайлауда дауыс беру қорытындылары бойынша 86,82 пайыз жинады.

Синьхуа ақпарат агенттігінің жазуынша, бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко хабарлаған.  Сайлау комиссиясының 27 қаңтардағы алдын ала мәліметіне сәйкес А.Лукашенко 86,82 пайыз, О.Гайдукевич 2,02 пайыз, А.Хижняк 1,74 пайыз, А.Канопатская 1,86 пайыз және С. Сыранков — 3,21 пайыз дауыс жинаған. Барлығына қарсы сайлаушылардың 3,60%-ы дауыс берсе, халықтың сайлауға қатысу көрсеткіші 85,70 пайызды құрапты. Ал сайлаушылар саны 6 903 994 адам болды.

Беларусь заңнамасына сәйкес, сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинаған үміткер жеңіске жетеді. ОСК президент сайлауының соңғы қорытындысын 3 ақпанда шығаруды жоспарлап отыр. Қорытынды расталғаннан кейін А.Лукашенко Беларусьтің сайланған президенті болып ресми түрде жарияланбақ.

 

Related posts

Стамбул станет центром круизного туризма в 2023 году

ttjk

ТҮРКИЯ МУЗЕЙЛЕРІ: СТАМБҰЛДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МУЗЕЙ

Назия Жоямергенқызы

Сеулдегі тәртіпсіздік сейілмей тұр

editor