Жемқорлыққа шатылғандарды шетелге шығармау нормасы қарастырыла ма?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіруге арналған заң жобасын талқылау кезінде халықтың қаржысын жымқырғандарды шетелге шығармауды ұсынған еді.

Ал кеше Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Осы уақытқа дейін депутаттың айтқан ұсынысы заңда енгізілгені туралы сұралған сауалға Мәжілістің жалпы отырысынан кейін депутат Айдос Сарым «Бұл пікір көптен бері айтылып жүр. Негізі, оны қарауға болады» деп жауап берген.

Оның айтуынша, біздің елде Конституциялық сот жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бұл норма енгізілсе, «азаматтардың құқығы тапталды» деген әңгіме сөз болуы мүмкін. «Осыған дейін осы ұсынысты бірнеше рет талқыладық. Менің ойымша, бейресми түрде Конституциялық сот, Жоғарғы сот және сарапшылармен тағы бір ақылдасып көреміз. Осы орайда заңға қайшы келмеуі мәселесі қаралады», деді А. Сарым. Оның сөзінше, дәл осындай шектеу салық немесе айыппұлды төлемегендерге қойылған.

 

Related posts

53 restaurants spotlighted in the first selection of the MICHELIN Guide Istanbul

ttjk

Усиление кадрового потенциала: вице-министр здравоохранения ознакомился с ситуацией в сфере медицины области Абай

Назия Жоямергенқызы

Электр энергиясының тарифтері өседі

editor