Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс алдағы апталарда сотқа жолдануы керек

Талғар ауданында адам қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс келесі аптада немесе арғы аптада сотқа жолданады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында депутат, заңгер Абзал Құспан айтты.

Осыған дейін депутат Абзал Құспан Талғарға арнайы барып, полиция және прокуратура өкілдерімен осы іске қатысты мән-жайды біліп келген болатын. «Өткен жылдың желтоқсан айында бізге «Қаңтар айының аяғына дейін қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдаймыз» деген болатын. Іске қатысты күдіктілердің бәрі қамауда отыр.  Олардың әрқайсысына  қатысты тиісті құқықтық баға берілді. Әзірге осы. Меніңше, келесі апта, болмаса, одан кейінгі аптада іс сотқа жолдануы керек. Прокуратура органдары істі сотқа жолдар алдында брифинг өткізеді деген. Әзірге маған берілген ақпарат осы»,  деді ол.

Ал жылдың соңына дейін істің сотқа жетпеу себебін сұраған БАҚ өкілдеріне депутат «Тергеудің өз қиындықтары бар. Мен прокуратура органдарында да жұмыс істедім, адвокат та болдым. Кейде жоспар жүзеге аспай қалады. Өйткені, жауап алатын куәгер келмей қалады. Сарапшылар маңызды сараптаманы уақытында аяқтап үлгермей жатады. Ал ол куәгер, не сараптамасыз істі сотқа жолдай алмайды», деп жауап берді.

Related posts

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Астанадан тағы екі жүк көлікпен 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

ttjk

Türkiye closes 2023 with record-breaking tourism figures  

ttjk

Афьонкарахисар: Мечеть Улу (Большая)

ttjk