Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 6 мыңнан астам ер азамат Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының қатарын толықтырды.
Бүгінде Ұлттық ұлан ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Оның негізгі міндеттеріне қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа, экстремизмге және терроризмге қарсы күрес, стратегиялық маңызды объектілер мен мемлекеттік мекемелерді қорғау кіреді. Бұдан басқа Ұлттық ұлан төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюмен айналысады, дағдарыс жағдайында халыққа көмек көрсетеді және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге жәрдем көрсетеді.
2-2023 әскерге шақырудың құқықтық тәртібі әскерлерінің қатарынан мерзімді әскери қызметін өтеген алты мыңнан астам сарбаз запасқа шықты. Өз кезегінде олардың орнын басар 225 команда құрамында келген 6800-ден астам жас жігіт шақырылды.
Елордалық 5573 әскери бөлімінің 700-ге жуық әскерге шақырылушысы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің 600-ден астам сарбазы, ал Қарағанды қаласының 6505 әскери бөлімінде 400-ден астам жас жігіт Отанына адал болуға бірінші болып салтанатты түрде ант береді. Әскери рәсім ертең өтеді.
Айта кету керек, Ұлттық Ұлан қатарындағы қызмет ел алдындағы борышын орындаумен шектелмейді. Бұл жастарға одан әрі дамуға мүмкіндік сыйлайды. Осы жылы ғана мерзімді қызметін аяқтаған 627 әскери қызметші Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқу үшін білім грантын алды. Сонымен қатар 500-ге жуық әскери қызметші келісім шарт негізінде қызметін жалғастыру туралы шешім қабылдады. Жалпы, қазір құқықтық тәртіп әскерлерінде мерзімді қызметтің 13500-ге жуық сарбаздары қызмет атқарып жатыр.