Француз БАҚ-ның хабарлауынша, Францияда Алжирден келгендер TikTok платформасында бейнероликтер арқылы елді арандатты деген күдікке ілініп отыр. Олардың кем дегенде екеуіне террористік әрекет бойынша айып тағылған.
Тұтқындау әрекеті Париж бен оның бұрынғы солтүстікафрикалық колониясы арасындағы саяси шиеленістің артуы аясында жүзеге асырылған. «Имад Тинтин» деген атпен белгілі видеоблогер өткен аптаның жұмасында Гренобль қаласы маңында жазылушыларын «француз жерінде тірідей өртеу, өлтіру және зорлауға» шақырған видеоны жариялағаннан кейін қамауға алынған. Жарияланым 800 мың қаралым жинағаннан кейін жойылған.
Жексенбі күні жергілікті судья 31 жастағы блогерді сот бақылауына алған. Мемлекеттік прокуратура блогер осы аптада «террористік акт жасауға шақыру» деген айып бойынша жедел сот алдында жауап беруге міндеттеліп отыр. Ал әлеуметтік желіде «Зазу Юсеф» деген атпен танымал 25 жастағы алжирлік ер адам жұма күні елдің батысындағы Брест қаласында қамауға алынған. Оның айтуынша, Зазу Юсеф 24 ақпанда әлеуметтік желідегі жүздеген мың жазылушыларына арналған жарияланымдарда «террорлық актіні жария түрде насихаттады» деген айыппен сот алдында жауапқа тартылмақ. Егер оның кінәсі дәлелденсе, жеті жылға бас бостандығынан айырылып, 100 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.