Жұмыскерлердің құқығын қорғау күшейтіледі

Елімізде жұмыскерлер құқықтарын қорғауды күшейту шаралары көзделіп жатыр.

Бұған сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы цифрлық мониторинг арқылы өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетіктері жетілдірілмек. Кәсіпорындарға сын-қатер класын беріп, кәсіптік тәуекелдерді интегралды бағалау енгізіледі. Сондай-ақ оқытуға және білімді тексеруге қойылатын талаптарды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, еңбек қатынастарының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің штат кестесін орналастыруын, еңбек және ұжымдық шарттар жасасу рәсімдерін электрондық форматқа ауыстыруды көздейтін еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерін енгізу жоспарланған.

«Былтыр министрлік халықаралық стандарттарды ескеріп, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу әдістемесін бекітті. Биыл Халықаралық еңбек ұйымының «Дамушы елдерді ерекше ескеріп, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» № 131 конвенциясын ратификациялауды жоспарлап отырмыз», деді министр.

 

Related posts

ИРМИК ХЕЛВАСЫ

ttjk

Журналистердің кәсіби қоғамдастығын нығайту маңызды

editor

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КІТАПХАНАЛАР ЖЫЛЫНА 250 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚЫРМАНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Назия Жоямергенқызы