Министр колледждердегі білім сапасы төмен екенін айтты

Қазір еліміздегі 270 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартуға қажеттілік бар.

Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Оның айтуынша, білім ұйымдары оқу процесінде моральдық тұрғыдан ескірген жабдықты пайдаланады. Тиісінше жекелеген жағдайларда жұмысшы мамандар даярлаудың сапасының төмендеуі және түлектер алып шығатын дағдылардың заманауи өндірістік талаптарға сәйкес келмей жатыр.

Сондай-ақ Ғани Бейсембаев 2025-2027 жылдары колледждерді заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жоспары бар екенін жеткізді. Оның сөзінше, колледж студенттерін жатақхана орындарымен толық қамтамасыз ету маңызды. Бүгінде колледж студенттері үшін жатақхана тапшылығы 6 мың орыннан артық. Ең үлкен тапшылық Алматы және Астана қалаларында, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалып отыр. Сондықтан жоспарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар жатақханаға мұқтаж студенттерді жатақхана орындармен толықтай қамтамасыз етуге тиіс.

 

Related posts

Travel Tips And Information For Visiting Moraine Lake | US Travel

ttjk

Үкімет 12 жастан қылмыстық жауапқа тарту ұсынысын мақұлдамады

editor

Богатая сырная культура Турции очаровывает посетителей

Назия Жоямергенқызы