Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыстағы тасжолда болған ірі жол апатынан 20 адам зардап шеккен. Оның ішінде 8-і — бала. Әртүрлі деңгейде үш адам Ақкөл орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.
«Барлығының жағдайы тұрақты. Бұланды орталық аудандық ауруханасына 11 адам түсті, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды, ішінде бір бала бар. Зардап шеккендерге бас сүйек-ми жарақаты, сынықтар және көгерген диагнозы қойылды», деп хабарлаған Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Сондай-ақ алты адам амбулаторлық емдеуге жіберілген. Төрт адам, оның ішінде бір бала Бурабайдағы медициналық пунктке жеткізілді. Бір адам ауруханада жатыр, үшеуі амбулаторлық ем алып жатыр.
Ведомство мәліметінше, оқиға орнынан елордалық екі бала ауруханаға жеткізілді. 2021 жылы туған бір бала бас-ми жарақаты мен ми шайқалу күдігімен жатқызылған. Екіншісі 2009 жылы туған жасөспірім, кеуде тұсынан жарақат алып, тізе буыны көгерген. Ауруханаға жатқызылғандардың барлығының жағдайы қалыпты.
Еске сала кетсек, Ақмола облысындағы Біржан сал ауданындағы Қоғам мен Қаратал ауылдарының арасындағы жолда 95 көлік соқтығысқан болатын.