Жаңа Орлеандағы шабуылда 15 адам көз жұмды

АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында Жаңа жыл түні көлікпен жасалған шабуылдан 15 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алған.

BBC агенттігінің хабарлауынша, Бурбон-стрит көшесінде Жаңа жылды атап өтіп жатқан адамдарға белгісіз жүргізуші көлікті жоғары жылдамдықпен келіп соқтығысқан. Көлік адамдарды басып өткеннен кейін жүргізуші көліктен шығып, жиналғандарға оқ жаудыра бастаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері де оған жауап ретінде оқ атқан. Қарулы қақтығыс салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алған.

Полиция шабуылдаушының адамдарды қасақана басып, барынша көп зиян келтіруге тырысқанын мәлімдеді. АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы (ФБР) бұл оқиғаны «террористік акт» ретінде тергеп жатқанын хабарлады. Алғашқы мәлімдемелерде ФБР өкілдері бұл оқиғаны терроризммен байланыстырмағандарын айтқан еді. Құқық қорғау органдарымен қақтығыс кезінде оқиға орнында күдікті Шамсуд Дин Джаббар атыс барысында көз жұмғаны да белгілі болып отыр.

Related posts

“Дала сыры, тау жыры” Қазақстан ішіндегі саяхат туралы балалар кітабы шықты

ttjk

Науқас балаларды пайдаланып 32 млн теңге ақша тапқан

editor

Көршілерде менингококк өршіп тұр: қазақстандықтарға сақ болу ескертілді

Назия Жоямергенқызы