2050 жылдары еліміздің 19 млн тұрғыны қалада тұрады

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары туу, өлім-жітім және көші-қон көрсеткіштері негізінде демографиялық болжам жасап отыр.

Олардың талдауына сүйенсек, 2030 жылға қарай елдегі қала тұрғындарының саны 13%-ға артып, 14 млн адамға жетуі мүмкін. Ал 2050 жылға қарай 57%-ға өсіп, 19,3 миллионды құрамақ. Яғни 2050 жылға қарай елімізде қала тұрғындарының үлесі 70 пайызға жетеді. Болжамға сәйкес, қала тұрғындарының тең жартысы үш мегаполисте тұруы мүмкін.

«Қала халқының саны 2030 жылға қарай базалық сценарий кезінде Астана қаласында – 538,3 мың адамға немесе 39%-ға, 1,9 млн адамға дейін, Алматы қаласында 469,3 мың адамға немесе 21%-ға артып, 2 млн 664 мың адамға дейін, Шымкент қаласында – 209,6 мың адамға немесе 17%-ға өсіп, 1 млн 416 мың адамға жетеді. Бұл ретте үш мегаполистің тұрғындары қала халқының жалпы санының 43 пайызын құрайды, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 51%-ға дейін артады», дейді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары. Аймақтар арасында қала тұрғындары Маңғыстау, Ақтөбе және Түркістан облыстарында өседі. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында қала тұрғындарының саны кемуі мүмкін.

Сондай-ақ  ауыл халқының санына да болжам жасаған сарапшылардың болжамынша, 2030 жылға қарай ауыл халқының саны тек 1%-ға, яғни 7,7 млн адамға дейін, ал 2050 жылға қарай шамамен 9%-ға, 8,2 млн адамға дейін өседі. Ауыл халқы Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде ұлғайса, ауыл тұрғындары саны ең көп Қостанай, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында кемиді деп күтіліп отыр.

Related posts

Харрис халық алдында жеңілгенін айтты

editor

ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАМЕН АУЫРАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН

ttjk

Vatan Öz genç iletişimlerle buluştu

ttjk