Ұлттық қорға 80 миллион доллар қайтарылды

Ұзақ жылдарға созылған Стати ісі бойынша дауларды реттеу нәтижесінде Қазақстанның Ұлттық банкі бұғатталған активтерді Ұлттық қорға қайтарды.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, бұл қаражат 10 жыл бұрын бұғатталған болатын

.»Мен бұл соңғы күндердегі жағымды жаңалық деп санаймын. Олар бұғатталғанын білесіздер. Бұл 10 жыл бұрын еді. Ұлттық қордың активтері 80 миллион доллар көлемінде бұғатталған болатын. Осы реттеудің аясында республика мен Стати тараптары арасында Ұлттық қордың активтері бұғаттан босатылды. 80 миллион доллар Қазақстанның Ұлттық қорының басқаруына қайтарылды», деді Тимур Сүлейменов.

 

Related posts

Абай облысының әкімі өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспарын таныстырды

Назия Жоямергенқызы

«ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ttjk

«Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жобалар байқауы өтті