Президент тапсырмасымен Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды

Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. Алдын ала ақпарат бойынша ол Ақтауға бара жатыр. Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барлық қажетті қолдаумен қамтамасыз етуді тапсырған.

Айта кетейік, бүгін Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға орнына Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды. Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болған.

Еліміздің Көлік министрлігі мәлім еткендей, Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Олардың ішінде әзірге белгілі болғандай, 28 адам тірі қалған. Қазір қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаларға жеткізілген.

Related posts

Электр және жылу желілері әбден тозған

editor

Признанная во всем мире «турецкая пахлава»

ttjk

Түркияда ірімшіктің тарихы терең

Назия Жоямергенқызы