Көлік сақтандыру полисі қымбаттауы мүмкін

Жаңа жылдан бастап міндетті сақтандыру бойынша сыйлықақыны есептеу үшін қолданылатын түзету коэффициентін бекіту туралы қаулы күшіне енеді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, бұрын Алматыда сақтандыру үшін жүргізушілерден көп ақша жиналғанмен, көлік санына шаққанда сақтандыру бойынша төлем аз жасалса, көлік иесі азырақ төлеуі керек болған. Мысалы 2024 жылы жүргізуші куәлігін алғанына 20 жыл болған, Алматыда тұратын, ешқашан жол апатына түспеген, 2010 жылғы Toyota Camry автокөлігін жүргізетін 40 жастағы жүргізуші үшін 12 айлық полисін қарастырғанда, 2024 жылғы базалық сақтандыру сыйлықақысы – 7014.8 теңге (1,9 АЕК); Алматы қаласында тіркелген автомобиль үшін коэффициент – 2,96; жеңіл автомобиль үшін коэффициент – 2,09;
жасына және жүргізу өтіліне негізделген коэффициент – 1; автомобильді пайдалану мерзіміне байланысты коэффициент – 1,1; 13-сақтандыру класы бойынша коэффициент (апатсыз) – 0,5; Алматы қаласы бойынша түзету коэффициенті – 0,82, сонда есептеу нәтижесі: 7 014,8 × 2,96 × 2,09 × 1×1,1 × 0,5 × 0,82 = 19 571,75 теңгені көрсеткен.

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңге болады. Базалық сақтандыру сыйлықақысы (1,9 АЕК) 7470,8 теңгеге өседі. Алматы қаласыда ұсынылған түзету коэффициенті — 0.63.
Есептейік: 7470,8 × 2,96 × 2,09 × 1 × 1,1 × 0,5 × 0,63 = 16 014,31 теңге. Демек, 2025 жылы мұнда полис арзандайды. Мысал ретінде алған жүргізуші үшін сақтандыру 3 мың теңгеге арзандайды, ал басқалар үшін сома әртүрлі болады, бірақ сақтандыру төлемі азаяды.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Шымкент пен Астанадағы жүргізушілер үшін сақтандыру полисі қымбаттайды. Келер жылы ең қымбат полисті Қызылорда облысының жүргізушілері рәсімдеуі мүмкін.

 

Related posts

«Halyk Инкассация» Ақтауда өзін атып тастаған инкассаторға қатысты пікір білдірді

Назия Жоямергенқызы

Қазақстан-Қытай сауда көлемі 33 млрд долларды құрады

editor

САМАЯ КРУПНАЯ БИБЛИОТЕКА — РАМИ

Назия Жоямергенқызы